423,42 511.30 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Күдіктімен селфиге түскен шымкенттік полицей қызметінен босатылды

  • 122
  • UPD: 16:44, 22.12.2020
Күдіктімен селфиге түскен шымкенттік полицей қызметінен босатылды

Күдіктімен селфиге түскен шымкенттік полицей қызметінен босатылды, деп хабарлады Tengrinews.kz.

Полиция департаментінің өкілдері қызметтік тексеру нәтижелерін жариялады.

Ведомство мәліметінше, полицей қызметтік тәртіпті бұзған. 

«Департамент басшылығы учаскелік полиция инспекторының бұл әрекетін офицер үшін орынсыз деп санады. Қызметтік тексеру нәтижесінде тәртіптік комиссияның шешімімен аталған қызметкер қызметтік тәртіпті бұзғаны, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын сақтамағаны үшін қызметінен босатылды», - деді полициядағылар.

Айта кетсек, полицей Шымкентте әйелді зорламақ болған күдіктімен селфиге түскен.

Хабар 24 телеарнасы