Салық рақымшылығы аясында 720 мыңнан аса ел азаматы 1,2 млрд теңге өсімпұлдан босатылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Олар мемлекетке 10 млрд теңгеден аса салық төлеген. Алғашында 1 жарым млн жеке тұлғаның 25 млрд теңгеге жуық берешегі болды. Оның 4 млрд-тан астамы – өсімпұл. Бұл туралы мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады. Салықтық рақымшылық 31 желтоқсанға дейін жалғасады. Өсімпұлды есептен шығару үшін салық бойынша негізгі қарызды төлеу қажет.