420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маңғыстау мен Атырау облысының арасына санитарлық бекет қойылады

  • 126
  • UPD: 20:00, 22.12.2020
Маңғыстау мен Атырау облысының арасына санитарлық бекет қойылады

Бейнеу ауданындағы Боранқұл ауылына орнатылатын бекет тәулік бойы жұмыс істейді.

Мұндай шешім Атырау облысының қызыл аймаққа енуіне байланысты қабылданды. Бекеттен тек көрші облысқа жұмысқа баратын тұрғындар өтеді. Азық-түлік пен дәрі-дәрмек сияқты маңызы бар тауарлар таситын көліктерге рұқсат беріледі. Қалған қозғалысқа тыйым салынады. 25 желтоқсаннан бастап Маңғыстауда карантин талаптары күшейтіледі. Себебі соңғы 10 күнде вирус жұқтырғандар қатары артқан. Тәулікте тіркелген науқастар саны 10-нан 17-ге өскен. Алдағы жұмадан бастап барлық базарлардың жұмысы кешкі алтыға дейін қысқартылады. Сауда ойын-сауық орталықтары мен кинотеатрлар жұмысының уақытына да шектеулер қойылады. 

Ғазиз Надуев, облыстың бас санитарлық дәрігері:

– Бұрын той, садақа беруге тыйым салынған болса, енді жаңа жыл келе жатқанын ескере отырып, балаларға арналған шыршалар, корпоративтік кездесулер мен жиындарға қатаң тыйым салып, бақылауда болады. Және де мна туризм саласындағы қызмет көрсететін қонақүйлер, хостельдер, отельдердің жұмысы бұрын 70-80 процентке дейін рұқсат етілсе, бүгінгі таңда 50 процентке дейін қысқартылады. Және де өндірістік салада емес, офистік қызметкерлердің қай сала болсын, жұмыскерлердің 70 процентін онлайн режимге көшіру міндеттеледі.

Хабар 24 телеарнасы