419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда өмірден өткен мүгедектерге жаялық беріліп келген

  • 119
  • UPD: 20:05, 22.12.2020
Павлодарда өмірден өткен мүгедектерге жаялық беріліп келген

Павлодарда өмірден өткен мүмкіндігі шектеулі адамдарға жөргектер таратылған.

Белгілі болғандай, гигиеналық заттармен қамтамасыз етуде құжаттар рәсімделмепті. Сонымен қатар тауарды жеткізіп беру кезінде бухгалтерлік есеп жүргізілмеген. Осының салдарынан мүмкіндігі шектеулі жандардың кейбірі қажет дүниелерді уақытында ала алмаса, енді бірінің үйіне қайтыс болғаннан кейін де жеткізіліп отырған. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүргізілген тексеру барысында бірқатар олқылық анықталды. Оның нәтижесі бойынша бөлім басшысына 260 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Ал келтірілген шығын бюджетке қайтарылды.

Бауыржан Әлібаев, ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары:

– Тексеру жүргізуге мүгедек балалардың ата-аналарынан түскен шағым себеп болды. Оның негізсіз емес екеніне тексеру барысында көз жеткіздік. Тауарды жеткізіп беру сапасына қатысты да мәселер туындаған. Жөргектерді қайтыс болып кеткендерге берудің екі оқиғасы тіркелді. Жіберілген қателіктерге орай тәртіптік жауапкершілік шарасы қолданылды.

Хабар 24 телеарнасы