421,98 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-да баласына туғаннан бері алимент төлемеген әке қылмыстық жауапқа тартылды

  • 128
  • UPD: 20:06, 22.12.2020
СҚО-да баласына туғаннан бері алимент төлемеген әке қылмыстық жауапқа тартылды

Белое ауылының 33 жастағы тұрғыны шартты түрде бір жылға сотталды.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, ол келісімшартсыз жұмыс істеп, айлық табысын жасырып жүрген. Бұл басқаларға да сабақ болған сыңайлы. Осындай тағы бір азамат қарызын сотқа дейін төлеп құтылды. Жалпы қазір облыс бойынша 500-ден астам ата-ана баласына берешек болып жүр.

Анара Ахметжанова, облыстық ПД басқармасының анықтаушысы:

– Қызылжар ауданының тұрғыны жәбірленушіге 700 мың теңге қаражат қарыз болған. Қылмыстық іс прокуратураға жіберілгеннен кейін күдікті тұлға жәбірленушіге 700 мың теңге қарызын толығымен өтеген. Және де екеуі татуласқан болатын.

Хабар 24 телеарнасы