421,39 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралда салтанатты іс-шаралар туралы хабарлаған тұрғындарға сыйақы беріледі

  • 120
  • UPD: 21:13, 22.12.2020
Оралда салтанатты іс-шаралар туралы хабарлаған тұрғындарға сыйақы беріледі

Оралда жаңа жыл мерекесіне орай жоспарланған мерекелік іс-шаралардың бәрін онлайн форматта өткізу жоспарланып отыр.

Балаларға арналған жаңажылдық қойылымдар алдын ала жазылып, әлеуметтік желілер мен жергілікті телеарналар арқылы көрсетіледі. Мүмкіндігі шектеулі және аз қамтылған отбасылардың балаларын ертегі кейіпкерлері үйлерінде барып құттықтайды. Қалаға қарасты кенттер мен ауылдарда жаңажылдық шыршалар қойылады. Ал Тұңғыш Президент атындағы бас алаңда биіктігі 18 метр болатын шырша орнатылмақ.

Серік Қайырлиев, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы:

– Бұған тасымалдауға, құруға, бұзуға және безендіруге барлығы 2 миллион 376 мың теңге қаражат қаралған. Бұл жаңағы жұмыстардың барлығы осының ішіне кіреді және айналасын безендіретін болады. Сонымен қатар қалада арнайы фотозоналар дайындалады. Мерекелік шара болмағанмен қала тұрғындары серуедеп, фотоға түсіп, көңіл көтеретін мүмкіндік жасауға тырысып жатыр.

Ал қала тұрғындарына жаңажылдық мерекені ешқандай қонақ шақырмай, тек өз отбасы мүшелерімен ғана атап өту ұсынылып отыр. Егер бұл талап бұзылған жағдайда үй иесіне айыппұл салынуы мүмкін. Шектеу шараларын бұзғандар туралы ақпаратты полицияға хабарлаған адамға 20 мың теңге мөлшерінде сыйақы төлеу қарастырылған. 

Жантемір Иманәлиев, қалалық ПБ бастығының бірінші орынбасары:

– Бұл бағыттағы жұмыстарды қала әкімдігінің жанынан құрылған мониторингтік топтармен бірлесіп күнделікті жүргізіп отырмыз. Ал салтанатты іс-шараларды өткізіп жатыр деген ақпаратты хабарлаған 6 қала тұрғынына сыйақы беру көзделіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы