423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Елімізде ауыл шаруашылығы мақсатындағы су қымбаттауы мүмкін

  • 424
  • UPD: 22:14, 22.12.2020
Елімізде ауыл шаруашылығы мақсатындағы су қымбаттауы мүмкін

Бүгін Үкіметте су ресурстарын басқаруға қатысты жаңа бағдарлама таныстырылды.

Оның аясында сала жұмысына өзгерістер енгізу көзделген. Дүниежүзілік банктің болжамы бойынша, алдағы 20-25 жылда Орталық Азия елдерінде су тапшылығы болуы мүмкін. Бүгінде Қазақстан тұтынатын тіршілік нәрінің жартысы көрші елдерден келеді. Басым бөлігі ауыл шаруашылығы мақсатында қолданылады. Қызылорда, Алматы және Түркістан облысында ылғалды көп қажет ететін дақыл – күріш, жоспардан артық егіледі. Мәселен, Сыр өңірі жыл сайын 90 мың гектардан астам алқапқа аталған дақылды егеді. Шекті мөлшер тек 75 мың болуына қарамастан. Экология министрлігі шаруаларға суды көп қажет етпейтін басқа да дәнді-дақылдарға ойысу қажеттігін ескертеді.

Сергей Громов, ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі:

– Біз бүгінде гидротехникалық қондырғыларды бюджет есебінен жөндейміз. Неліктен бұлай жасауымыз керек?! Егер су бағасын қымбаттатсақ, бюджетке айтарлықтай салмақ түсірмейтін едік. «Қазсушаруашылығы» сынды мекемені ұстап тұру да дұрыс емес. Оған жұмсалған қаржыны фермерге қолдау ретінде ұсынсақ, көптеген мәселе шешімін табар еді.

Хабар 24 телеарнасы