423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қарағандыда бейтарап байқаушылардың семинары өтті

  • 284
  • UPD: 23:44, 22.12.2020

Бейтарап байқаушылар саяси науқан кезінде өздерінің құқықтары мен міндеттерін және заңнаманы жетік білуі тиіс.

Осы тақырып бойынша Қарағандыда арнайы семинар өтті. Белгілі саясаткерлер, сайлау бойынша тәжірибесі мол мамандар барлық қатысушыларға онлайн дәріс оқыды. Кәмелет жасындағы кез келген қазақстандық сайлауға қатысып, өз таңдауын жасауға құқылы. Ал оның ашық әрі әділ өтуін қамтамасыз етуде бейтарап байқаушылардың рөлі үлкен дейді мамандар. Жақын күндері семинар облыстың өзге өңірлерінде де ұйымдастырылады. Қазіргі таңда аймақта 5000-нан астам бейтарап байқаушы бар.

Марина Галияс, байқаушы:

– Осы семинарда психологиялық, құқықтық жағынан мамандарымыз жақсы жұмыс жасауда. Біздің басты міндетіміз - байқаушы ретінде сайлаудың тұрақты түрде өтуін және әр азаматтың өзінің құқығын қамтамасыз ету.

Хабар 24 телеарнасы