421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Биыл елімізге құны $3 млн отшашу импортталған

  • 111
  • UPD: 08:28, 23.12.2020
Биыл елімізге құны $3 млн отшашу импортталған

Карантиндік шектеулерге қарамастан, Қазақстанға пиротехника импортының көлемі азайған жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ отшашулар бағасы өскен. Ресми статистикаға сәйкес, осы жылдың 10 айында республикаға жалпы сомасы шамамен $3 млн болатын 2,4 млн дана отшашу мен басқа да пиротехникалық бұйымдар әкелінді. Олардың төрттен бір бөлігі Ресейден келсе, қалғаны Қытай, Кипр және Германиядан әкелінген. Биыл барлығы 2,4 миллион дана отшашу импортталды. Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, өткен жылдың осы кезеңінде шетелден 1,7 миллион дана пиротехникалық өнім алынған.

Хабар 24 телеарнасы