423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

ШҚО-да «Пиротехника» арнайы шарасы өткізілді

  • 266
  • UPD: 08:35, 23.12.2020
ШҚО-да «Пиротехника» арнайы шарасы өткізілді

Шығыс Қазақстан облысында жаңажылдық отшашудың зиянын алдын алу үшін қауіпсіздік шаралары қазірден басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Облыс бойынша пиротехника сатуға сертификаты бар небәрі 4 орын рұқсат алған. Дегенмен, кәсіпкерлер табыстан қағылмас үшін құзырлы орган қызметкерлері әкімдіктерге отшашу сататын арнайы орындарды көбейту таралы ұсыныс берді. Ал төтенше жағдайдар қызметі  пиротехникалардың қауіптілігі туралы арнайы тәжірибе өткізді. Ол үшін отқа өте төзімді бірнеше қабатты қолғапты отшашуға кигізіп жағып көрді. Бірақ соның өзі жарылысқа төтеп бере алмай, толық бүлінді.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр бір ғана Шығыс Қазақстан облысында жаңажылдық түнде 14 жерде өрт болған еді. Оның дені мерекелік отшашуды дұрыс пайдаланбағаннан болды.

Марина Лискова, облыстық ТЖД баспасөз хатшысы:

- Біз бұл тәжірибе арқылы пиротехника және жаңажылдық түрлі от шашудың атылған кезде адам өміріне қаншалықты қауіпті екенін көрсеттік. Өрт пен жарылысқа төзімді материалдан тігілген қолғаптың өзі шыдас бермеді. Ал адамға тисе, оның зардабын айтудың өзі қорқынышты.

Хабар 24 телеарнасы