423,42 511.30 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Кентауда тоғыз адамды алдаған алаяқ ұсталды

  • 108
  • UPD: 08:37, 23.12.2020
Кентауда тоғыз адамды алдаған алаяқ ұсталды

Түркістан облысы Кентау қаласының тәртіп сақшылары талай адамды сан соқтырып кеткен алаяқты ұстады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Полиция бөліміне арызданған жәбірленуші азаматтың айтуынша, «ескі танысы әрқайсысы 15 сотық болатын 4 бірдей жер телімін алып беремін» деп 1 миллион 800 мың теңге ақшасын қалтаға басқан. Сөйтіп, мақсатына жеткен соң ізін суытқан. Алайда алысқа ұзамады, тәртіп сақшылары қылмыскерді үйінде қолға түсірді. Кейін тергеу барысында белгілі болғандай, ол бұдан бөлек тағы 8 тұрғынды алдап кеткен. Кейбіріне тіпті заңсыз құжат дайындап беріп, жәбірленушілер ол жерге үй құрылысын бастаған. 8 адамға келген шығын көлемі шамамен 4 миллион теңгеге бағаланып отыр.

Жұлдыз Жорабаева, Кентау қалалық полиция бөлімінің тергеушісі:

- Аталған оқиға бойынша Е есімді азаматқа қатысты қылмыстық іс тіркеліп, қазіргі таңда Е есімді азамат ҚР Қылмыстық процесуалдық кодексінің 128 бабына сәйкес Кентау қалалық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторында қамауда. Аталған оқиға бойынша қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы