421,39 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавлдық мүсіншілер орталық алаңда балықтарды мұзға қатырып қойды

  • 145
  • UPD: 14:27, 23.12.2020

Петропавлдық мүсіншілер мұзға балықтарды қатырып, ерекше жаңажылдық пішін жасап шығарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір орталық алаңда екі шортан мен үш мөңке қатып тұр. Бұл бейнені көрген тұрғындардың пікірі екіге бөлінді. Бірі суретке түсіп қызықтап жатса, енді бірі тірі жәндіктер деп аяныштарын білдіріп жатыр.

Жалпы, биыл Петропавлда мұз қалашығын салуға бюджеттен шығын шыққан жоқ. Облыс орталығы демеушілердің көмегімен безендірілді.

Балқия Иманбаева, қала тұрғыны:

- Мен мұны негізі интернеттен көргенмін. Бірақ та маған ұнаған жоқ. Меніңше, мынау бұл кішкентай балалардың психологиясына жаман әсер етеді деп ойлаймын. Менің ең бірінші ойым солай болды. Көргенде солай ойлап қалдым, балаларды ойладым.

Хабар 24 телеарнасы