421,98 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында адасып кеткен шопан табылды

  • 118
  • UPD: 12:18, 23.12.2020
Алматы облысында адасып кеткен шопан табылды

22 желтоқсан күні сағат 16:50-де Алматы облысы ТЖД-ға Алматы облысы Сарқан ауданы Мұқан ауылынан 25 шақырым жерде орналасқан шаруа қожалығы қыстағының 1988 жылғы шопаны мал жаюға шығып адасып кеткені туралы хабарлама түскен.

Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге ТЖД және полиция қызметкерлерінен 16 адам және 6 бірлік техникадан 3 іздестіру тобы жіберілді. Құтқарушылар орналасқан жерден іздеуді ұйымдастыру орнына дейінгі арақашықтық 70 шақырымды құрады.

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінде жедел штаб құрылып, шаруа қожалығының жетекшісі шақырылды, ол жоғалған шопанның мүмкін болатын орнын картаға үйлестіруге көмектесті.

Қабылданған шаралармен сағат 22:45-те іздеу тобы шопанды тапты. Мамандардың айтуынша, медициналық көмек қажет болмады.

Хабар 24 телеарнасы