421,98 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да жолда қалған аңшылар құтқарылды

  • 106
  • UPD: 12:42, 23.12.2020
ШҚО-да жолда қалған аңшылар құтқарылды

Семей маңында жолда қалған аңшылар құтқарылды.

Семей қаласынан 47 шақырым қашықтағы Жарқын ауылының үш тұрғыны «Нива» көлігімен аңға шыққан. Алайда ауылдан 30 шақырым ұзағаннан кейін аңшылардың көлігі сынып қалған. Жаяу қалған жолаушыларға құтқарушылар дер кезінде көмек келді, хабарлайды Altaynews.kz.

«Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жолаушыларға «Нива-Марш» автокөлігімен жетіп, көмек көрсетті. Ешкім зардап шеккен жоқ. Аймақ тұрғындарына ескертеміз, жолға шықпас бұрын міндетті түрде автокөліктің техникалық жағдайын тексеріп алыңыздар. Автокөлік жолдарының жағдайы туралы «Дәрмен» мобильді қосымшасынан білуге болады», - деп мәлімдеді ШҚО ТЖД.

Хабар 24 телеарнасы