421,98 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Макинск құс фабрикасын кеңейту азық-түлік қауіпсіздігін нығайтады – А.Мамин

  • 253
  • UPD: 18:42, 23.12.2020

Ақмола облысындағы Макинск құс фабрикасы қызметінің екінші кезеңін бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шараға Үкімет басшысы қатысып, «кәсіпорынды кеңейту азық-түлік қауіпсіздігін нығайтады» деді. Осылайша, фабрика Орталық Азияда тауық етін өндіру көлемі бойынша ірі кәсіпорынға айналды. Сағатына 9 мың бройлерді қайта өңдей алатын мүмкіндік бар. Өнім көлемін жылына 25 мың тоннадан 60 мың тоннаға дейін арттыруға болады.

Кәсіпорын елдің ішкі нарығындағы қажеттілікті 22 процентке қамтамасыз етеді. Нәтижесінде импорттың үлесі 42 проценттен 33 процентке дейін азаяды. Тұрақты жұмыс орындарының саны 800-ден 1370-ке жетті. Қазір үшінші кезеңнің құрылысы бойынша жұмыс істеліп жатыр. Бұл 2023-ші жылы іске аспақ. Ол кезде кәсіпорын жылына 100 мың тонна құс етін шығарады.

«2024-ші жылға қарай біз ішкі нарықты отандық өндірістің негізгі азық-түлігімен, оның ішінде құс етімен толық қамтамасыз етуіміз керек»,- деді А.Мамин.

Премьер-министр құрама жем өндіретін зауыттың да жұмысын бастап берді. Сондай-ақ Асқар Мамин жылу оқшаулағыш материалдарын шығаратын зауытқа және Макинск қаласындағы модульдік қазандыққа барды.

Хабар 24 телеарнасы