420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанайда пиротехникалық заттардың сапасы тексерілді

  • 100
  • UPD: 15:22, 23.12.2020

Қостанайда пиротехникалық жарылғыш заттардың сапасын тексеру жұмыстары қызу жүріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мониторингтік топ мүшелері отыздан астам сауда нүктесін аралап шықты. Сатушылардан алдымен рұқсат қағазын талап етіп, ол болмаған жағдайда ескерту жасайды. Егер жағдай тағы қайталанса, тауар тәркіленіп, айыппұл салынады. Облыс орталығында пиротехникалық жарылғыш заттарды тасымалдап, сақтауға және оны таратуға заңды түрде рұқсат алған екі-ақ кәсіпорын тіркеліпті. Ұсақ саудагерлердің негізгі бөлігі тауарды солардан алады. «Карантиндік шектеу шаралары әсер еткендіктен болар, биыл жұрт тарсылдақтарды бұрынғыдай жапа-тармағай сатып алып жатқан жоқ», - дейді мамандар.

Азамат Орымбаев, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

- Полиция қызметкерлерімен бірге рейдке шығып тұрамыз. Біздің мұндағы мақсатымыз – пиротехникалық заттарды сатумен айналысатын кәсіпкерлермен түсіндіру, алдын алу жұмыстарын жүргізу. Сертификаты жоқ, сапасыз тауарды негізінен белгіленбеген орындарда саудалайды. Ондай заттарды сатып алу өте қауіпті.

Хабар 24 телеарнасы