420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада пәтерлердің бірінен бірнеше жүк көлігімен қоқыс шығарылды

  • 130
  • UPD: 17:00, 23.12.2020
Елордада пәтерлердің бірінен бірнеше жүк көлігімен қоқыс шығарылды

Нұр-Сұлтан қаласында үш бөлмелі пәтерден бірнеше жүк көлігімен қоқыс шығарылды және үйдің құжаттары қалпына келтірілді.

Үйдің тұрғындары «Байқоңыр» ауданы Полиция басқармасының учаскелік инспекторы полиция капитаны Дәулетбек Тәңірбергеновке өздері тұратын үйде тарақан мен тышқанның көбейіп кеткені, қолаңса иіс шығатыны туралы шағымданған.

Себебі олардың көршісі бірнеше жыл бойы өзінің үш бөлмелі үйін қоқыс орнына айналдырған. Тұрғындар көршісінің кейбір заттарды керек деп қалдырғанын, одан кейін көшеден, қоқыс орындарынан заттарды пәтеріне таси бастағанын айтқан. Тұрғындардың полицияға жүгінуіне тура келді, себебі ол ешкімге есік ашпаған. Сасық иіс, тарақандар мен түрлі жәндіктер тұрғындардың мазасын кетірген.

Мән-жайды анықтау кезінде 53 жастағы ер адамның жалғыз тұратыны анықталды.

Учаскелік полиция инспекторының көмегімен ер адамның пәтерін тазалау жұмыстары ұйымдастырылып, үйді жинау екі күнге созылды. Нәтижесінде оның тұратын үйінен бірнеше жүк көлігімен қоқыс шығарылған. Үйдің тұрғындары учаскелік инспекторға көмек көрсеткені үшін алғыс айтуда.

Бұған қоса, учаскелік инспектор ер адамның жеке куәлігін және әлеуметтік жәрдемақы алу үшін құжаттарын қалпына келтіруге көмектесті.

Хабар 24 телеарнасы