418,41 511.30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте қаржылық пирамида құрған алты күдікті ұсталды

  • 134
  • UPD: 16:23, 23.12.2020
Шымкентте қаржылық пирамида құрған алты күдікті ұсталды

Шымкентте қаржылық пирамида құрған алты күдікті ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Қаратау ауданы Полиция басқармасы «Evolution Corporation» және «Indigo24» ұйымдарына қатысты ҚР ҚК-нің 217-бабы 3-бөлігінің 2-тармағымен (Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізіп жатыр.

23 қарашада Шымкент қаласы Мамандандырылған тергеу сотымен алты күдіктіге қатысты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы