420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Аягөздің балалар орталығында жұмыс істеген үш дәрігер сотталды

  • 150
  • UPD: 21:40, 23.12.2020

Шығыс Қазақстан облысындағы Аягөз балалар орталығында қызмет еткен үш дәрігер сотталды.

Биыл сәуір айында әлеуметтік-медициналық мекемеде төрт бала қайтыс болғаны белгілі. Қайғылы жағдайдан соң орталықтың жұмысына тексеру басталып, балалардың өліміне қатысты, қылмыстық іс қозғалды.

Жергілікті комиссия мүшелері бастапқыда «балалардың ажалы ілеспе және туа біткен аурулардан болды» деп қорытынды шығарған. Алайда балалардың мүрдесіне  ЭКСГУМАЦИЯ жасай отырып тексерген республикалық комиссия мамандары жаңа деректерді анықтады. Сәбилерге уақытылы медициналық көмек көрсетілмегендіктен іріңді қабыну асқынып, пневмониядан көз жұмған.

Сот «өз қызметтеріне салғырт қарап, адам өліміне жол берді» деген айыппен орталықтың үш медицина қызметкеріне, екі жылдан үш жылға дейінгі шартты мерзімге жаза кесті. Судья істі болған мамандардың, кәмелетке толмаған балалары бар екенін ескерді. Олар жазасын өтеп болған соң бір жарым жылға дейін медицина саласында қызмет істей алмайды. 

Берғали Мергембаев, Аягөз аудандық сотының төрағасы:

- Сотта қарау барысында яғни тараптар өздерінің прокурормен жаза тағайындау туралы процессуалды келісіммен өздері толықтай келісетіндіктерін айтып көрсетті. Сотталушылар және жәбірленушілердің өкілі. Сот яғни прокурордың сұраған жазасымен келісті.  Қылмысты ауырлатытын мән-жайлар анықталған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы