423,42 511.30 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Арқалық әуежайы сатылады

  • 140
  • UPD: 19:45, 23.12.2020
Арқалық әуежайы сатылады

Қостанай облысына қарасты Арқалық қаласындағы әуежай 30 миллион теңгеге сатылады.

Мұндай мәлімет арнайы хабарлама сайтында жарияланған. Бұзылған ғимарат пен бес гектар аумақ 20 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылмаған. Әуежай бірнеше жыл бұрын жекенің қолына өтіп кеткен. Қазір оны қайта қалпына келтіру жергілікті биліктің жоспарында жоқ. Сатып алуға ниет білдірушілер риэлторлар арқылы сөйлеседі. Қазіргі қожайыны қараусыз қалған әуежайды сатуға мәжбүр көрінеді. Хабарлама авторлары әуежай нысаны мал ұстап, бидай сақтауға таптырмайтын жер деп кеңес беріп отыр.

Хабар 24 телеарнасы