419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте мерекелік безендіруге 38 миллион теңге жұмсалады

  • 138
  • UPD: 20:43, 23.12.2020
Шымкентте мерекелік безендіруге 38 миллион теңге жұмсалады

Шымкентте жаңа жылдық шырша мен көшелерді безендіруге қазынадан 38 миллион теңге жұмсалады.

Қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы осындай ақпарат таратты. Бюджеттің қыруар қаржысына қаланың екі жерінен шырша орнатылады. Ең басты шырша шаһардың әкімшілік іскерлік орталығына қойылды. Оның ұзындығы 25 метр. Жаңа жылдың басты символы жүздеген түрлі-түсті жарық шамдармен безендірілген. Қалада негізінен шырша шамдары ресми түрде 25 желтоқсанда жарқырайды. Шаһарда өткен жылдары безендіру жұмыстары кәсіпкерлердің есебінен жүргізілген еді. Ал бюджет қаржысы тұрмысы төмен отбасылардың балалары мен жетім-жесірлерге жұмсалған болатын. Сол уақытта 5 мың бүлдіршін әкімдіктен материалдық көмек алған. Биыл ондай қайырымдылық шарасы қарастырылмаған.

Ерубай Құралбаев, қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бас маманы:

- Биыл 10 метрге дейінгі биіктікте 25 метрге жуық үлкен негізгі шырша орнатылады. Қазақи дәстүрге сәйкес киіз үй пішіндес үлкен айнала жарықпен безендірілген сәулеттік пішіндер басқа да жаңағы әртүрлі жобада бекітілген пішіндер орнатылады. Сонымен қатар қаланың орталық бөлігінде Республика даңғылында екінші шыршамыз орнатылады. Биылғы жылы жалпы жаңа жылдық безендіру жұмыстарына 34,2 млн теңге қаржы қаралды.

Хабар 24 телеарнасы