420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Балалар үйінің тәрбиеленушілері мен мүгедек бүлдіршіндер Президент атынан сыйлық алды

  • 146
  • UPD: 21:07, 23.12.2020
Балалар үйінің тәрбиеленушілері мен мүгедек бүлдіршіндер Президент атынан сыйлық алды

Алматыда екі мыңнан астам балалар үйінің тәрбиеленушілері және мүмкіндігі шектеулі жеткіншектерге Қазақстан Президенті атынан жаңа жылдық сыйлық таратылды.

Бүгін қала әкімдігінің өкілдері мен қайырымды жандар «Жанұя» балалар үйіне барып, бүлдіршіндерге нағыз қуаныш сыйлады. Бұл мекемеде 500-ге жуық бала тәрбеленеді. Көбінің мүмкіндігі шектеулі.

«Кез келген бала мейірімге бөленіп, қамқорлықсыз қалмауы керек», - дейді іс-шараны ұйымдастырушылар.

Нұргүл Тауқызы, қалалық білім басқармасының  бөлім  басшысы:

- 2200-ге жуық балаға үйіне жеткізіп бердік. Әр баланың үйіне барған қызметкерлер Аяз ата мен Ақшақар болды. Ол сыйлықтар ерекше таңдалып алынды. Оның ішінде ноутбук. Сондықтан Президентіміз атынан үлкен, ерекше бір жақсы сыйлық болды деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы