419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде мемлекеттік сатып алу туралы заңға өзгеріс енгізіледі

  • 208
  • UPD: 22:59, 23.12.2020

Мемлекеттік сатып алу туралы заңға өзгеріс енгізіледі.

Тиісті заң жобасын бүгін Мәжіліс депутаттары бірінші оқылымда мақұлдады. Палата Төрағасы Нұрлан Нығматулин заңға енгізілген нормалар мемлекеттік сатып алудың тиімділігін арттырып, сыбайлас жемқорлықты төмендететінін айтты. Қазір қолданыстағы заңда жеткізушімен тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден сатып алу қарастырылған. Бірақ депутаттар бұл нормаларды тапсырыс берушіге мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырудың бәсекелестік әдістері таусылған кезде ғана осындай мүмкіндікті пайдалану талабымен толықтырды. Бұл талапты орындамаған мемлекеттік орган басшылары 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Хабар 24 телеарнасы