421,98 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БЖЗҚ қаржыны жақын туысына баспана алу үшін де жұмсауға болады

  • 283
  • UPD: 09:48, 24.12.2020
БЖЗҚ қаржыны жақын туысына баспана алу үшін де жұмсауға болады

Енді Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы шекті мөлшерден асқан қаражатты жақын туысына баспана алуға не ипотекалық төлемін өтеп беруге де жұмсауға болады.

Бұл туралы кеше ғана Мәжілісте қабылданған заңда жазылған. Ал оның механизмдері «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінде айтылды. Белгілі экономист Рахым Ошақбаев жүргізетін «Ошақбаев LIVE» хабарында «Отбасы Банк» АҚ төрайымы Ләззат Ибрагимова келер жылдың қаңтар айында алғашқы салымшылар өз ақшасын алуға өтініш бере алады деді. Сондай-ақ салымшы қаржыны тек жұбайы, ата-анасы не туғандарының баспана жағдайын жақсартуға, емдеуге пайдаланады. Тұрғын үй мәселесі бойынша бір ғана шектеу болуы мүмкін, ол осы қаржыға алынған үйді 5 жыл ішінде қайта сатуға болмайды. Жалпы сарапшылар қордағы шекті мөлшерден асқан қаржыны алушылардың кемі 95 проценті оны баспана мәселесін жақсарту мақсатында алады деп болжап отыр. Қазір жас ерекшелігіне сай, тиісті мөлшерде қаржы жинаған 700 мың қазақстандық азамат бар көрінеді.

Хабар 24 телеарнасы