Жаңа жылға орай елорданың әр жеріне 33 жаңажылдық шырша орнатылды.
Бір күн бұрын Нұр-Сұлтанда мерекенің басты нышанын жағу рәсімі өткен болатын, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
Шыршалардың бірі ЭКСПО қалашығының аумағында орналасқан, биіктігі – 25 метр. Жасанды шырша 1200 шар, 250 кішкене және 20 композициялық қармен түрлі-түсті етіп безендірілген. Ұзындығы 1500 метр жыпылықтайтын жарық диодты және 500 метр твинкл-лайт гирляндтармен жарықтандырылған.
Сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті халық көп шоғырланған жерлерге баратын қала тұрғындарын санитарлық нормаларды қатаң сақтауға шақырады.
Естеріңізге сала кетейік, жақында Нұр-Сұлтанда алты метрлік тоқылған шырша пайда болады. Қазір онда еліміздің түкпір-түкпірінен келген шеберлер жұмыс істеуде.
Сондай-ақ «Үйдегі шыршаны безендіру» флешмобы аясында тұрғындар видео немесе фото түсіріп, Нұр-Сұлтан әкімдігінің парақшасын белгілей отырып әлеуметтік желілерде #Мейірімдіболуәдет, #Добротаобразжизни, #Моднобытьдобрым хэштегімен жариялай алады.