421,98 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда «Аяз Ата поштасы» акциясы ұйымдастырылды

  • 176
Павлодарда «Аяз Ата поштасы» акциясы ұйымдастырылды

Павлодарда жыл сайын осы кезеңде волонтерлер «Аяз Ата поштасы» акциясын ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл карантиндік шектеулерге байланысты қоғам белсенділері акция туралы әлеуметтік желілерде жариялады. Оның негізгі шарттары алдын ала хабарланған. Қайырымды шара 2 мен 8 жас аралығындағы балаларды қамтиды. Аты айтып тұрғандай, «Мейірімділер клубы» мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндерге басымдық берген. Аяз Ата сыйлығына сонымен қатар көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балалары ие болады. Демеушіліктің бұл түрі жаңа жыл қарсаңында үлкен қызығушылыққа ие. Сондықтан ниет білдірген әр адам Аяз Ата рөлін атқара алады.

Гүлзат Рахметулова, «Аяз ата поштасы» жобасына қатысушы:

– «Мейірімділер клубының» арқасында мен ұлымен бірге Аяз Атаға хат жазған Айдана есімді қызбен таныстым. Олар өздері армандап жүрген сыйлық туралы жазған екен. Менің де кішкентай ұлым бар. Оларды қуантқым келді. Қалыптасқан қиындықтарға қарамастан балалардың арманы орындалуы керек деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы