423,42 511.30 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысында заңсыз ойын бизнесі анықталды

  • 138
  • UPD: 11:23, 24.12.2020
Түркістан облысында заңсыз ойын бизнесі анықталды

Түркістан облысында заңсыз ойын бизнесі анықталды, деп хабарлады ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметі.

«ҚР ҚМ ҚМК Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлерімен заңды күшіне енген сот үкімдеріне және қадағалаушы прокурормен келісілген тергеуші қаулыларына сәйкес 109 жүйелік блог, 101 монитор, 64 теледидар, 19 чек оқитын сканерлер мен чек беретін принтер, 9 интернет модемі, 3 кассалық дәптерлер және 1 112 жалған есептік бақылау маркалары, 482 қақпақшалар, 285 бос бөтелкелерді жою жұмыстары жүргізілді», - делінген хабарламада.

Аталған заттай дәлелдемелер Түркістан облысы аумағында жүргізілген шұғыл-іздестіру жұмыстары нәтижесінде алынған.

ҚР «Ойын бизнесі» туралы Заңына сәйкес ойын бизнесін рұқсат етілген орындарда ғана жүргізу міндетті. Казино, ойын автоматтары залдары, букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар (букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың кассалары) тұрғын емес үй-жайларда орналастырылуға тиіс. Ал ҚР басқа аумақтарын ойын бизнесін жүргізу заңмен жазаланады.

Ойын бизнесін ұйымдастырушыға, сонымен қатар ойын бизнесіне тиым салынған орында ғимаратты жалға берушігеде ҚР ҚК-нің 307 бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Хабар 24 телеарнасы