420,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда Аяз ата мен ақшақарды шақыруға тыйым салынды

  • 178
  • UPD: 13:55, 24.12.2020
Алматыда Аяз ата мен ақшақарды шақыруға тыйым салынды

Алматының бас санитарлық дәрігері Аяз ата мен ақшақарды үйге шақыруға тыйым салатын қаулыға қол қойды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құжатта балабақшалар мен мектептерде қосымша кезекші топтар ашуға да рұқсат жоқ. Осыған қарамастан сауда ойын-сауық орталықтары мен қоғамдық тамақтану орталықтары белгілі бір шектеу шеңберінде 23:00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Қаулы желтоқсанның 26-нан бастап күшіне енеді.

Еске салсақ, Алматы қаласы індет таралуының жасыл деңгейінен сарыға өткен. Соңғы тәулікте шаһарда 90 адамнан коронавирустық инфекция белгілері анықталды.

Хабар 24 телеарнасы