419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нұр-Сұлтан тұрғыны 8 жасар қызын далаға жалаңаш қуып жіберген

  • 430
  • UPD: 12:52, 24.12.2020
Нұр-Сұлтан тұрғыны 8 жасар қызын далаға жалаңаш қуып жіберген

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны өзінің балаларын тәртіп бұзғаны үшін қатал түрде жазалаған, деп хабарлады zakon.kz.

23 желтоқсан күні сағат 21:20 шамасында полицияға әйел адам хабарласып, көршісі 6 жасар ұлын ұрып, 8 жасар қызын аязда далаға жалаңаш шығарып жібергенін айтқан.

«Полиция қызметкерлері 35 жастағы әйелді анықтады. Ол осындай әдіс арқылы көршісінен киім қыстырғыштарды ойнауға рұқсатсыз алып келген балаларын жазалағысы келгенін түсіндірді. Отбасы Нұр-Сұлтан қаласы ПД ювеналды полициясында тіркеуге алынды», - деп хабарлады елордалық Полиция департаменті.

Қазіргі уақытта балалардың заңды өкілдеріне қатысты объективті шешім қабылдау үшін оқиғаның мән-жайы жан-жақты зерттеліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы