420,18 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жаңа қаулы: Алматыда бірқатар шектеу енгізілді

  • 158
  • UPD: 17:38, 24.12.2020
Жаңа қаулы: Алматыда бірқатар шектеу енгізілді

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған сәйкес қала мектептерінде 1-5-сынып аралығындағы қосымша кезекші сыныптар әзірге ашылмайды. Сондай-ақ 25 желтоқсан мен 5 қаңтар аралығында барлық мекеме мен ұйымдарда жаңа жылдық ойын-сауық шараларды атап өтуге және аниматорларды үйге шақыруға қатаң тыйым салынды. Ал үлкен сауда орталықтарының жұмыс уақыты кешкі 23:00-ге дейін ұзартылды. Бильярд, боулинг және балалардың ойын-сауық орталықтары жұмыс күндері ғана емес, мереке күндері де жұмыс істемейді.

«Өйткені соңғы күндері коронавируспен ауырғандар саны осыдан екі ай бұрынғымен салыстырғанда 4,5 есеге артып отыр», - деді онлайн брифингте қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин.

Жандарбек Бекшин, қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері:

- Тамыз айынан бастап есепке алынған этиологиясы анықталмаған пневмонияның 1349 жағдайы тіркелді. Қыркүек айында коронавирус инфекциясы 165 жағдайдан төмендеген, ал желтоқсан айында осы індет байқалып жатыр. 1660 жағдай тіркеліп, індеттің өсуі қарқындауда.

 

Хабар 24 телеарнасы