Ел аумағына халықаралық рейспен келген 149 жолаушыда ПТР анықтамасы болмай шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Олардың бәрі карантиндік стационарларға орналастырылды. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің хабарлауынша, ПТР сынама тапсырғандардың арасында індет жұқтырғандар жоқ. Өткен тәулікте Германия, Нидерланд, Корея, Мысыр, Түркия сияқты бірқатар мемлекеттен 1500-ға жуық жолаушы ұшып келген.