420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысында үш балабақша карантинге жабылды

  • 198
  • UPD: 15:20, 24.12.2020
Павлодар облысында үш балабақша карантинге жабылды

Әрбір мектепке дейінгі мекемеде қауіпті вирустың екі дерегі тіркелген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Облыс орталығында 1, Ақсу және Екібастұз қалаларында мектепке дейінгі 2 мекеменің жұмысына уақытша шектеу қойылды. Бүгінде облыс бойынша 77 бала мен 54 балабақша қызметкері коронавирусқа шалдыққан. Бүлдіршіндердің жағдайын баяндаған мамандардың айтуынша, олар аурудың жеңіл түрімен ауырып жатыр. Өткен тәулікте облыс көлемінде қауіпті вирустың 60 дерегі тіркелді. 36 науқас аурудың сипмтомды, ал 24-і симптомсыз түріне шалдыққан.

Ғизат Әбішев, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы:

– Қазігі таңда балаларда ауру бессимптомды немесе жеңіл түрде өтіп жатыр. Барлық жағдайда дезинфекциялық және эпидемияға қарсы жұмыстар жүргізілген.

Хабар 24 телеарнасы