420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Асхат Аймағамбетов коронавирусқа қарсы вакцина алғаннан кейінгі жағдайын айтып берді

  • 161
  • UPD: 15:29, 24.12.2020
Асхат Аймағамбетов коронавирусқа қарсы вакцина алғаннан кейінгі жағдайын айтып берді

Тамыз айында коронавирусқа қарсы вакцина алған білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзінің жағдайы туралы айтып берді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасының шеңберінде ғалымдарымыз өте үлкен жұмыс жүргізді деп айтуымыз керек. Ғалымдарымыз керемет вакцинаны дайындап шығарды. Ол өте қысқа мерзімде дайындалды. Мамыр айында дайын болып, одан кейін ол бойынша жұмыс жүргізілді. Клиникаға дейінгі зерттеулер жүргізіліп біткеннен кейін бірнеше ғалым өздеріне осы екпені салып, әрі қарай нәтижелерін, анализдерін көріп, жалпы бұл екпе бойынша ешқандай қауіп жоқ екеніне көзіміз жетті», - деді ОКҚ өткен брифингте.

Одан кейін министр өзі де ғалымдарымызды қолдау үшін екпені салдыру туралы шешім қабылдағанын айтып өтті.

«Екпені тамыз айында алдым, бүгінгі күні өздеріңіз көріп отырсыздар бірнеше ай өтті, ешқандай дене қызуының көтерілуі, жалпы басқа да мәселелер, ешқандай қиындықтар болған жоқ. Оны толықтай айта аламын. Иммунитет бойынша тиісті антиденелер пайда болды. Оны мен Алматы қаласына барып, зерттеу болып жатқан зертханаға қанымды тапсырып, сонда осы нәтижеге көзжеткіздім. Дегенмен осындай иммунитет пайда болса да, санитарлық ережелерді бұзбауымыз керек», - деді министр.

Хабар 24 телеарнасы