419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылордада жаңажылдық қайырымдылық акциялары басталды

  • 161
  • UPD: 23:55, 24.12.2020

Дорба толы тәттілер алғаш болып «Қазақ соқырлар қоғамы» мүшелерінің балаларына үлестірілді.

Кішкентайларға қуаныш сыйлау үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы сала мамандары арнайы барды. Жаңажылдық сыйлықтар сатып алу үшін жемқорлықпен күрес қызметінің өкілдері еңбекақыларының бір бөлігін бөлген.

Айта кетейік, «Қазақ соқырлар қоғамы» – өңірдегі көз мүкістігі бар азаматтарды еңбекпен оңалтатын жалғыз орталық. Олар бірнеше өндірістік цехта төсек жабындыларын тігіп, түрлі мекемелердің тапсырыстарын орындайды.

Әбубәкір Дүйсенбек, «Қазақ соқырлар қоғамы» оқу-өндірістік кәсіпорнының басшысы:

– Биыл хат жазып едік, рақмет, балалардың қуанып отырғанына куә болып отырсыздар.

Майра Боранбаева, облыстық Кәсіподақтар орталығының өкілі:

– Жаңа жылда балаларға жақсылық сыйлау, оларға қуаныш сыйлау, әрине, әр азаматтың қуанышы, оған бәрі де ерікті түрде өздерінің ынталарымен барып жатыр. Сондықтан әріптестермен бірлесе отырып, осы балаларға сыйлық сыйлап, жаңажылдық көңіл-күй сыйлағымыз келді. Сондықтан осы шараны өткізіп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы