421,39 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысында белгісіз сұйықтық құйылған 10 мың данадан астам бөтелке тәркіленді

  • 119
  • UPD: 16:54, 24.12.2020
Павлодар облысында белгісіз сұйықтық құйылған 10 мың данадан астам бөтелке тәркіленді

Павлодар облысында ауыл тұрғыны ерекше иіске ие белгісіз сұйықтық құйылған он мыңнан астам бөтелкені заңсыз сақтаған, деп хабарлады Polisia.kz.

«Ертіс ауданының полиция қызметкерлері тінту жүргізу кезінде жергілікті жеке кәсіпкерден ерекше иісі бар, сыйымдылығы 0,5 литр мөлдір сұйықтық құйылған алты мыңнан астам бөтелке, сондай-ақ ерекше иісі бар, сыйымдылығы 5 литр мөлдір сұйықтығы бар екі жүз елу сегіз пластикалық ыдыс тәркіледі. Аталған факт бойынша ҚР ҚК 214-бабымен (Заңсыз кәсiпкерлiк, заңсыз банктік, микроқаржылық немесе коллекторлық қызмет) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», – деді Павлодар облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы Балғабай Қапаров.

Сондай-ақ полиция қызметкерлері ауыл тұрғынынан сыйымдылығы 0,5 литр болатын 4 288 бөтелке түрлі маркалы арақ және «Fast» маркалы акцизделмейтін 6 500 қорап темекі тәркіленді. Жалпы алғанда жеке кәсіпкерден 6 400 литрден астам сұйықтық тәркіленді. Бөтелкелерге не құйылғанын сараптама көрсетеді.

Хабар 24 телеарнасы