Щучинск балабақшасындағы видеодан кейін екі тәрбиеші жұмыстан босатылды.
Бұл туралы Ақмола облысының білім басқармасындағылар айтты, деп хабарлады Tengrinews.kz.
Щучинскідегі «Ағажан» жекеменшік шағын орталығының ата-аналары балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа шағымданған.
«Қазіргі уақытта тексеріс жүргізу үшін Бурабай ауданының білім бөлімі комиссия құрды. Сонымен қатар білім басқармасының өкілдері жіберілді. 24 желтоқсаннан бастап жеке шағын орталықтың тәрбиешілері Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 14-тармақшасына сәйкес тәрбие функцияларын орындайтын қызметкердің осы жұмысты жалғастыруымен үйлеспейтін теріс қылық жасағаны үшін жұмыстан шығарылды», - деді білім басқармасындағылар.
Бұған дейін Щучинскідегі балабақшада баланы қорлаған тәрбиешінің видеосы тарағанын хабарлаған едік.