419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырау облысында дәрі-дәрмек бағасы 20% арзандауы мүмкін

  • 167
  • UPD: 19:48, 24.12.2020
Атырау облысында дәрі-дәрмек бағасы 20% арзандауы мүмкін

Атырау облысында соңғы тәулікте 59 адамның қауіпті індетке шалдыққаны анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның 12-сі мұнайлы шаһардан, 31 науқас Теңіз кенішінен тіркелген. Қалғаны аудан тұрғындарының арасынан шығып отыр. Коронавирус жұқтырған 19 адамда ауру симптомды түрде өтіп жатыр. Айта кетейік, ауру өршіген тұста мұнайлы өңірде дәрі-дәрмек тапшы болып, бағасы да көтеріліп кетті. Енді бұл мәселе қатаң бақылауда болмақ. Облыстық бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменті қауіпті індетке қарсы қолданылатын дәрі-дәрмектің бағасын 20%-ке төмендету мақсатында фармацевтика саласындағы жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар арасындағы өзара келісім құжатына қол қойды.

Диас Жәнібеков, облыстық бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментінің басшысы:

- Монополияға қарсы өзара келісім құжаты ашық сауда-өткізу саясатын көздейді және заң бұзушылықтардың болмауын қадағалауға тиімді құрал. Осы құжат негізінде енді жергілікті тұрғындардың қауіпті індетке қарсы қолданылатын медициналық препараттарды бекітілген шекті көрсеткіштен төмен бағада сатып алуға мүмкіндіктері болады.

Хабар 24 телеарнасы