420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-ның таулы аймақтарында қар көшкіні жүруі мүмкін

  • 116
  • UPD: 21:36, 24.12.2020
ШҚО-ның таулы аймақтарында қар көшкіні жүруі мүмкін

Шығыстағы таулы аймақтарда қар көшкіні жүруі мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондықтан облыстық төтенше жағдай департаменті қауіптің алдын алу мақсатында оқу-жаттығу өткізді. Әуелі өңірдегі селден қорғау мекемесі Өскемен – Таулы Үлбі бағытындағы автокөлік жолындағы беткейден қарды механикалық жарылыс арқылы құлатты. Төтенше жағдайлар департаменітнің кинологиялық қызметінің мамандары көшкін түскен жерге иісшіл итті жіберді. Ол көшкіннен адамның жатқан жерін бірден тауып, құтқарушылар қарды тазалауға кіріскен. Медициналық апаттан құтқару мамандары алғашқы дәрігерлік көмек те көрсетті. Жалпы аймақта қар көшкіні болатын 500-ге жуық қауіпті аумақ бар. Оның 336-сы үнемі бақылауда.

Айта кетейік, биыл таулы аумақта, қардың қалыңдығы, 70 сантиметрге жетіп қалды.

Омар Дүзгімбаев, «Қазселденқорғау» ММ облыстық филиалы басшысы:

- Бүгінгі күні 2 профилактикалық жұмыс жүргізілді. Мына қар көшкіні түсетін аумақтар бойынша жалпы алдағы уақытта облыс бойынша Өскемен – Серебрянск, Өскемен – Самар бағыты бойынша қар көшкінінің алдын алу жұмыстары жүргізіледі. Бүгінгі күні қардың көлемі 5 тен 70 сантиметрге дейін көтерілген. Сол себепті алдын алу жұмыстарын жүргіземіз.

Хабар 24 телеарнасы