423,04 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семейде қоқыс шығару тарифі қайта қаралады

  • 131
  • UPD: 21:40, 24.12.2020
Семейде қоқыс шығару тарифі қайта қаралады

Келесі жылдан бастап Семей тұрғындары қоқыс шығару қызметімен жаңа тариф бойынша есептеседі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұндай шешім қоқысты сұрыптау желісі іске қосылған бойда қабылданбақ. Бүгінде тұрмыстық қалдықтар таситын жаңа көліктер мен контейнерлер сатып алынған. Көшеге қосымша қоқыс жәшіктері де қойылып жатыр.

«Бұл өзгерістер қаланың жалпы санитарлық жағдайына оң әсер етеді», - деп есептейді сала мамандары. Қазір тұрмыс қалдықтарын шығару қызметі бір адамға190 теңге. Келесі жылы төлем артуы мүмкін. Ал жаңа тарифті арнайы комиссия белгілейді.

Рафаиль Хазипов, кәсіпорын басшысы:

- Міндетті түрде тариф қайта қаралуы тиіс. Неліктен? Себебі Экологиялық кодекстің міндетті талаптары алдын ала сұрыптау болып табылады. Ол үшін бірқатар шығындар болатыны сөзсіз. Жаңа желі автоматтандырылған. Яғни небәрі 6 адам жұмыс істейтін болады. Біз қатты-тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу үшін 30%-ке дейін сұрыптауға қол жеткізуіміз керек.

Хабар 24 телеарнасы