420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарлық волонтерлер «Аяз Ата поштасы» акциясын ұйымдастырды

  • 106
  • UPD: 21:57, 24.12.2020

Бүлдіршіндер Жаңа жылда қандай сыйлық қалайды?

Павлодардың волонтерлері жыл сайын «Аяз Ата поштасы» акциясын ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл карантиндік шектеулерге байланысты қоғам белсенділері акция туралы әлеуметтік желілерде, Instagram-парақшаларда жариялады. Оның негізгі шарттары алын ала хабарланған.

Бүгін Лиза мен Богдан үшін ерекше күн. Олардың хаты өз иесін тапты. Балалардың армандарын орындауға Аяз Ата арнайы келді. Жаңа жылға бүлдіршіндер жаңа ойыншықтар сұраған екен. Екі сәбиін жалғыз тәрбиелеп отырған аналарының оған шамасы жетпейді.

Нина Омелькова, қала тұрғыны:

- Лизаның жасы 6-да. Богдан 5-те. Лиза Аяз Атадан ойыншық, Богдан машина сұрады. Екеуінің армандары орындалды. Алғысым шексіз. Мереке құтты болсын.

Жаңа жылдан барлық адамдар жақсылық күтеді. Волонтерлер көп балалы және аз қамтылған отбасыларды шет қалдырмайды. Қайырымды шара 2 мен 8 жас аралығындағы бүлдіршіндерді қамтыған.

Татьяна Алифирова, волонтер:

- Бұл армандар орындалатын мереке. Қарапайым қала тұрғындарына көмек қолын созамыз. Ата-аналарының мүмкіндігі болмаса біз оны жүзеге асыруға тырысамыз.

Қоғам белсенділері балаларға сыйлықты өздері жасауға тырысады. Демеушілердің де көмегіне жүгінеді. Волонтерлер клубының мүшесі Гүлзат Рахметулова Instagram-парақшадан бір хатты таңдап алыпты. Ол үш жасар Әрсеннің арманын орындады.

Гүлзат Рахметулова, «Аяз Ата поштасы» жобасына қатысушы:

- Осы жоба арқылы ұлым екеуіміз Аяз Атаға хат жазған Айдана есімді қызбен таныстық. Олар өздері армандап жүрген сыйлық туралы жазған екен. Оларды қуантқым келді. Қиындықтарға қарамастан, балалардың арманы орындалуы керек деп ойлаймын.

Аяз Атаның поштасына балалардан 180 хат түсті. Олардың бірде-бірі жауапсыз қалмайды. Арасында күрделі хаттар да кездеседі. 

Бұл – жүректі тебірентетін хаттар. Мерекеден бүлдіршіндердің көпшілігі ойыншық пен тәтті сыйлықтар күтеді. Ал сал ауруына шалдыққан 10 жасар Мүсілім ғажайыпқа сенеді.

Авторлары: Қ.Қасиетова, Ж.Темирболат

 

Хабар 24 телеарнасы