421,98 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ертеңнен бастап елордадағы супермаркеттер тәулік бойы жұмыс істейді

  • 156
  • UPD: 22:22, 24.12.2020
Ертеңнен бастап елордадағы супермаркеттер тәулік бойы жұмыс істейді

Ертеңнен бастап елордадағы ауданы 2 мың шаршы метрден асатын гипермаркеттер мен супермаркеттерге тәулік бойы жұмыс істеуге рұқсат етілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жаңа жылдық мереке қарсаңында сауда нысандарында үлкен кезек болмау үшін жасалып отыр. Ал 26 желтоқсаннан бастап елордада кинотеатрлар ашылады.  Олар жұмыс, демалыс және мереке күндері сағат таңғы 10:00-ден түнгі 00:00-ге дейін жұмыс істейді, акциялар өткізілмейді. «Орындар санын 30%-тен асырмай, көрермендерді екі орын сайын және қатар бойынша шахмат тәртібімен отырғызылуы тиіс», - деді қаланың бас санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева. Сонымен қатар мейрамханалар мен кафелердің жұмыс уақыты түнгі 00:00-ге дейін ұзартылады. Бұл ретте ғимарат ішінде 30 орыннан артық болмауы тиіс. Үстелдер арасында кемінде 2 метр әлеуметтік арақашықтық сақталу керек. Тұрғын үйлерде орналасқан нысандардың жұмыс кестесі сағат 22:00-ге дейін сақталады.

Хабар 24 телеарнасы