419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Жолаушылар тасымалы» АҚ 500-ге тарта жаңа вагон алуды жоспарлап отыр

  • 119
  • UPD: 23:30, 24.12.2020

«Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы 500-ге тарта жаңа вагон алуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазірдің өзінде келіссөздер жүргізілген. Бұл туралы компанияның бас директоры Питер Штурм хабарлады. Оның айтуынша, вагондар жолаушылардың барлық категориясына қолайлы болмақ.

Ұлттық тасымалдаушы компания вагондар паркін жаңартпақ. Алдағы он жылда 500-ге тарта жаңа жолаушылар вагоны алынады деп жоспарланды. Олардың бәрі еуропалық стандартқа сай жасақталады. Заманауи вагондар мүмкіндігі шектеулі жандарға да өте ыңғайлы. Стратегиялық серіктестер халықаралық байқау арқылы анықталған.

Питер Штурм, «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директоры:

- Лайықты қызмет көрсету арқылы клиенттеріміздің санын арттырғымыз келеді. Вагондар күніне 3 мәрте жуылады. Орындар жұмсақ тыспен қапталған. Келер жылдың басында 564 вагондағы 1128 дәретхана толық жаңартылады.

Пандемия саланы айналып өтпегені рас. Жолаушылар тасымалы екі есе азайды. Әр рейс сайын вагондар іші зарарсыздандырылады. Қауіпсіз сапар үшін азаматтардан да санитарлық талаптардың сақталуы сұралады.

Питер Штурм, «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директоры:

- Халық пен ұлттық тасымалдаушы жолсеріктер арқылы сөйлеседі. Олар біздің айнамыз. Сондықтан келесі жылдан бастап жолсеріктерге сыйақы беруді көздеп отырмыз. Бұл үшін 70 млн теңге бөлінеді.

Теміржол билеттерін электронды түрде сату жақсы үрдіске айналды. Бүгінге дейін 319 мың күту парағы қолданылған. Вагондағы жолаушылар Е-куәлік жобасы арқылы тексеріледі. Компания халықпен тығыз байланыс орнатуды жолға қойып отыр.

Авторлары: Мерей Мұратханқызы, Жандос Битабаров

Хабар 24 телеарнасы