420,18 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада халықтың әлеуметтік осал топтарынан 9 мыңға жуық адам оңалтудан өтті

  • 100
  • UPD: 10:46, 25.12.2020
Елордада халықтың әлеуметтік осал топтарынан 9 мыңға жуық адам оңалтудан өтті

Бас қаладағы барлық емханада оңалту қызметіне арналған бөлімдер мен кабинеттер бар.

БМСК ұйымдарында оңалту қызметін ұсыну үшін 142 күндізгі төсек-орын орналастырылды. Бұл туралы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов қалалық мәслихат отырысында айтты.

Ағымдағы кезеңде қалада 28 553 мүмкіндігі шектеулі адам тіркелген. Олардың 6226-сы ерекше қажеттіліктері бар балалар (22,8%).

Тәулік бойғы стационарлар аясында 100 төсек-орын ересек тұрғындарды оңалту (ерте және кеш), 354 төсек-орын балаларды неврологиялық, травматологиялық, ортопедиялық және кардиохирургиялық профильдер бойынша қалпына келтіру емі мен медициналық оңалту үшін бөлінген. Басқарма басшысының айтуынша, ағымдағы кезеңде 6049 ересек тұрғын сауықтыру шараларынан өтті.

«Амбулаториялық деңгейде 4433 мүмкіндігі шектеулі жандарға (49,4%), күндізгі стационар деңгейінде 1847 (20,6%), тәулік бойғы стационарларға –1447 (16,1%) оңалту шаралары жүргізілді. Оңалту курсынан өткендер арасынан 1256 мүмкіндігі шектеулі жан әлеуметтік қызметкерлердің қызметтерімен қамтылған және 1280 мүгедектерге психологтар кеңес берді», - деп толықтырды Тимур Мұратов.

Сондай-ақ қала әкімдігі мен басқарма арқылы 738 мүмкіндігі шектеулі ересектер кеңсесі санаторлық-курорттық емделуге жіберілді.

Мүгедектердің барлық санаттары халықтың әлеуметтік осал топтарының санаты ретінде медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде және міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде диагностикалық тексерулердің толық спектрі мен тегін дәрі-дәрмектер алады.

Естеріңізге сала кетейік, 14 желтоқсанда N1 көпсалалы қалалық балалар ауруханасы базасында 50 күндізгі күтімге арналған жүйке-психиатриялық оңалту орталығы ашылды.

Сонымен бірге БМСК ұйымдарында күндізгі типтегі оңалту орталықтары жұмыс істейді. Олар негізінен церебралды параличі бар балаларды сауықтыруға арналған.

Мамандандырылған балалар үйінде жүйке патологиясымен (церебральды паралич) балаларға арналған оңалту бөлімі жұмыс істейді. Биыл барлығы 2882 бала оңалту курсынан өтті.

Ақпарат көзі: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы