421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жолаушылардың 84%-тен астамы Қазақстанға ПТР анықтамаларымен келген

  • 209
  • UPD: 11:08, 25.12.2020
Жолаушылардың 84%-тен астамы Қазақстанға ПТР анықтамаларымен келген Sputnik Казахстан

2020 жылғы 24 желтоқсанында Қазақстан Республикасының аумағына Швейцария, Мальдив Республикасы, Индонезия, Иран, Египет, Түркия, БАӘ, Украина, РФ, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 19 халықаралық әуе рейсі келді.

2 113 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 783 адам, анықтамасыз 330 ҚР азаматтары келді.

Оның ішінде:

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 9 рейс, 849 жолаушы, анықтамамен – 730; анықтамасыз - 119;

Алматы қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 122 жолаушы, анықтамамен – 922, анықтамасыз – 200;

Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, 138 жолаушы, анықтамамен – 127; анықтамасыз – 11;

Петропавл қаласының әуежайына 1 рейс, 4 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

2020 жылдың 23 желтоқсанында анықтамасыз келген барлық 259 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.

Хабар 24 телеарнасы