419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада карантинге бағынбаудың 2,5 мыңға жуық дерегі тіркелді

  • 99
  • UPD: 11:37, 25.12.2020
Елордада карантинге бағынбаудың 2,5 мыңға жуық дерегі тіркелді

Елордада шілде айынан бері карантин талабын бұзудың 2422 дерегі тіркелген.

1200 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты.  Оларға 200 млн теңгеден астам айыппұл салынған. Бұл туралы қаланың бас санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева мәлімдеді.

Ережеге бағынбайтындар әлі де азайған жоқ. Соңғы бір айда 180 тұлғадан 37 млн теңге айыппұл өндірілді. Оның ішінде 12 адам бір емес, бірнеше рет құқық бұзған. Санитарлық мамандар мен полиция 200-ге жуық жоспардан тыс тексеру жүргізген. Нәтижесінде бірнеше мейрамхана мен дәмхана уақытша жұмысын тоқтатты. Елорда қазір сары аймақта тұр. Екі апта бұрын коронавирус бойынша дәрігерге күніне 30 адам жүгінетін болса, қазір 17 адам көмек сұрайды. Инфекциялық  ауруханалардағы төсек орынның 36 проценті ғана толған.

Хабар 24 телеарнасы