421,98 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Маңғышлақ – Ақтөбе» пойызындағы өрттен зардап шеккен екі адам ауруханадан шығарылды

  • 159
  • UPD: 12:04, 25.12.2020
«Маңғышлақ – Ақтөбе» пойызындағы өрттен зардап шеккен екі адам ауруханадан шығарылды

«Маңғышлақ – Ақтөбе» пойызындағы өрттен зардап шеккен екі адам ауруханадан шығарылды.

Тағы екі адам, атап айтқанда 11 жасар бала мен оның әкесі, «Қазпошта» АҚ қызметкері емделіп жатыр. Бұл туралы lada.kz Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Дәрігерлер денесінің 30% және 22%-ін күйік шалған екі адамды үйлеріне шығарды. Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Нұрбол Оқуовтың хабарлауынша, дәрігерлер олардың жағдайын тұрақты деп бағалады.

Айтуынша, 40% термиялық күйік алған 1989 жылғы «Қазпошта» АҚ-ның қызметкері әлі де ауыр жағдайда жатыр. Ол өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Сондай-ақ ауруханада денесінің 50% күйігін шалған 11 жасар ұлы жатыр. Оның жағдайы біртіндеп жақсарып келеді.

Еске салсақ, 14 желтоқсанда «Маңғышлақ-Ақтөбе» пойызының жүк вагонынан өрт шығып, бес адам зардап шекті.

Одан соң өрттен зардап шеккендердің бірі көз жұмғанын хабарлаған болатынбыз.

Хабар 24 телеарнасы