418,41 511.30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Көкшетауда газ жарылысынан күйген балалардың жағдайы жақсарып келеді

  • 87
  • UPD: 15:17, 25.12.2020
Көкшетауда газ жарылысынан күйген балалардың жағдайы жақсарып келеді

Көкшетауда газ баллонның жарылысынан қатты зардап шеккен 6 баланың жағдайы жақсарып келеді.

Олардың ішіндегі тәуір болған 10 және 12 жастағы екі ұл бала бүгін ауруханадан шығарылады. Ал 7 жастағы қыз бала кеше реанимациядан хирургия бөліміне ауыстырылды. Оның денесін 20 процент күйік шалған болатын.

Айта кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Көкшетаудағы көп қабатты үйлердің бірінде пәтерде газ баллон жарылып, бір үйдің 6 баласы күйіп қалған еді. Енді мамандар реанимацияда қалған екі қыздың денсаулығына алаңдаулы.

Лариса Божко, облыстық көп бейінді балалар ауруханасының дәрігері:

- Екі қыздың жағдайы ауыр. Дене қызулары әлі де түспей тұр. Әрине тәулік бойы біз жіті бақылап отырмыз. Әзірге қандай бір болжам жасау өте қиын. Себебі бір қыздың денесін 50, екіншісін 25 процент күйік шалған.

Хабар 24 телеарнасы