420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде пәтер ұрысы ұсталды

  • 131
  • UPD: 14:33, 25.12.2020
Ақтөбеде пәтер ұрысы ұсталды

Ақтөбеде 22 желтоқсан күні күндіз Ақжар-2 т/м пәтер ұрлығы жасалды, деп хабарлады Polisia.kz.

Белгісіз адам үйдің пластикалық терезесін сындырып кіріп, зергерлік бұйымдар мен ақша ұрлап кеткен. Жедел іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері ізін суытпай Шернияз көшесіндегі Алматы облысының 34 жастағы тұрғынының басқаруымен «Toyota Camry-50» автокөлігін тоқтатты. Автокөлікті тінту кезінде полиция көлік салонының қобдишасынан зергерлік бұйымдар мен ірі сомадағы ақшаны тәркіледі. Ұрлық фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті Ақтөбе қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Алдын ала тергеу барысында анықталғандай, күдікті күзет жүйесімен жабдықталмаған үйлерді таңдаған.

Сонымен қатар ұсталған күдіктінің Ақтөбедегі бес пәтер ұрлығына қатысы бары анықталды. Сондай-ақ ұсталған азаматтың облыс орталығында жасалған басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Хабар 24 телеарнасы