420,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада кинотеатрлар қайта ашылуға дайындық үстінде

  • 160
  • UPD: 22:51, 25.12.2020

Карантиндік шектеу талаптары жеңілдей бастаған елордада кинотеатрлар жұмысы ертеңнен бастап жанданады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұзақ үзілістен кейін көрермен қабылдайтын кинозалдар қазір дайындықтарын пысықтап жатыр. Санитарлық талаптарды сақтай отырып, кинозалдарға 30 процент сыйымдылықпен адам отыруға болады. Билетті онлайн да және кассадан да сатып алуға мүмкіндік бар. Билет бағасы 20 процентке өседі деген жоспар бар. Киносеанстар тек түнгі он екіге дейін болады.

Хабар 24 телеарнасы