423,04 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында карантин талаптары күшейтіледі

  • 264
  • UPD: 22:16, 25.12.2020

Алматы облысында бүгіннен бастап қаңтардың 5-не дейін карантин талаптары күшейтіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Халық көп шоғырланатын мерекелік жиындарды, жаңа жылдық ертеңгіліктерді, корпоративті кештерді өткізуге тыйым салынады. Қазіргі таңда Панфилов ауданы қызыл аймақта қалып отыр. Сондықтан ауданда қатаң карантиндік шектеу енгізілген. Облыс бойынша Талдықорған мен Текелі қаласы және Қаратал, Талғар аудандары сары аймақта. Бұл өңірлерге санитарлық бекеттер қойылған. Мектеп, балабақшалар жұмысын тоқтатты. Эпидемиологиялық ахуалға байланысты ұйымдастырылған брифингте базарлар мен сауда үйлері жұмысын тоқтатпайтыны айтылды. Тамақтандыру орындары жұмыс күндері түнгі сағат 12-ге дейін ашық болады. Демалыс және мереке күндері кешкі тоғызға дейін жұмыс істейді.

Хабар 24 телеарнасы